Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: алдын ала шешім жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: алдын ала шешім жарияланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрын қолданыста болған сағат белдеуін қайтару туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында алдын ала шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрын қолданыста болған сағат белдеуін қайтару туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында алдын ала шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыс тобының төрағасы, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған.

"Сіздер берген петицияны қарастырып жатырмыз. Соңғы бір жарым айдағы уақыт белдеуін ауыстыру электр энергиясын тұтынуға және халықтың денсаулығына әсер етті деген барлық дәлел расталмады. Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректермен жұмыс істеп жатқанын айтты және статистика республикалық маңызы бар 12 облыста және үш қалада сағат белдеуін ауыстыру халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растамады", - деді Балықбаев.

Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған.

"Біз өтініш берушілердің дәлелдерін қарастырған барлық кезеңде олар дәлелін таппады. Сондықтан мен сауда және интеграция министрлігінің алдын ала шешімін айтамын. Ол мынадай: "петицияны қанағаттандырудан бас тарту", - деп қосты вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети