Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: жұмыс тобының отырысы шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: жұмыс тобының отырысы шегерілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Уақыт белдеуіне қатысты талқылау кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуіне қатысты талқылау кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 маусымға жоспарланған уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы автордың өтінішімен шегерілді.

"Келесі отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарлама петиция авторына 25 маусымда, белгіленген күннен үш жұмыс күні бұрын электрон пошта арқылы және WhatsApp мессенджері арқылы жіберілді. 26 маусымда өтініш иелері жұмыс тобының отырысын кейінге қалдыру туралы хат жіберді. Осыған байланысты 28 маусымға жоспарланған отырыс кейінге қалдырылды. Келесі отырыстың күні кейінірек хабарланады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жұмыс тобының бірінші отырысы 21 маусымда өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети