Уақыт белдеуін қайтару: үкімет депутаттардың ұсынысын қарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуін қайтару: үкімет депутаттардың ұсынысын қарайды Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Вице-премьер Тамара Дүйсенова Amanat партиясы депутаттарының бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ұсынысын қарастыруға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер Тамара Дүйсенова Amanat партиясы депутаттарының бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ұсынысын қарастыруға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Дүйсеновадан ескі сағат белдеуі қайтарыла ма деген сұрақ қойылды. Ол уақыт өзгерісінің қазақстандықтардың өміріне әсерін күту және бағалау маңызды деп жауап берді.

"Соңғы 10 жылда басқа уақыт белдеуіне ауысу бойынша мамандар мен сарапшылардың үлкен тобы жұмыс істеді. Былтыр бірыңғай уақыт белдеуіне көшеміз деген пікірді талқыладық. Енді депутаттық корпус бұл мәселені көтерді, бұл ұсынысты қарастыратын шығармыз. Бірақ тұтастай алғанда, бұл белбеуге ауысқанымызға тіпті жыл да толған жоқ. Бұл ауысудың қандай салдары бар екенін қарастырған жөн", - деді Тамара Дүйсенова.

Шенеунік денсаулық сақтау мен электр қуатын пайдалану жүйесінде күрт ауытқулар болмағанын айтты.

"Сондықтан, бұл ұсыныстарды қарастырайық, олар (депутаттар - ек.) қандай негіз айтады және олардың ұсыныстарын ескере отырып, осы мәселелермен айналысатын мүдделі мемлекеттік органдар арқылы қарастырып, (жауап – еск.) береміз", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети