Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан жоғалып кетті Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

ЕGov mobile қосымшасынан Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕGov mobile қосымшасынан Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары қосымшада сауалнаманы таба алмағандарын айтты.

"Бұл сауалнама өзектілік мерзімі аяқталғандықтан жариялаудан алып тасталды", – делінген қосымшаның "Хабарламалар" бөлімінде.

Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне жүгінді. Алайда мекеме өкілдері пікір білдіруден бас тартты.

Еске салайық, бұған дейін eGov mobile қосымшасында қазақстандықтарға уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнамаға қатысып, бірнеше сұраққа жауап беру ұсынылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети