01 наурыз 2024 14:35

Уақыт белдеуінің өзгеруі: бір күнге "қартайған" қазақстандықтардан кешірім сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) ақпараттық жүйелер жұмысындағы ақауларға не себеп болғанын түсіндіріп, қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) ақпараттық жүйелер жұмысындағы ақауларға не себеп болғанын түсіндіріп, қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰАТ" АҚ мәліметінше, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілген.

"Біз "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ контурында 64 ақпараттық жүйе (eGov.kz порталы, egov мобильді қосымшасы, электрон лицензия порталы, "Е-Нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі, e-Otinish электрон өтініш қызметі және т.б.) орналасқан 11 мыңнан аса виртуал серверлер бойынша жаңарту жүргіздік. Мемлекеттік органдар өздерінің қарауындағы ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмысты жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Акционерлік қоғам жүйелер қалыпты жұмыс істеп жатыр деп сендірді. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді. Сонымен қатар, "Цифрлық құжаттар" сервисінде деректерді дұрыс көрсетпеудің жекелеген жағдайлары бар екенін мойындады.

"Қазір біз барлық қажетті жұмыстарды атқарып жатырмыз, дұрыс деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети