18 қаңтар 2024 | 15:25

"Уақыт келді". Қазақстанда Жаңа жылды көктемде тойлау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Әли Бектаев Наурызды тойлауды Жаңа жылды тойлаумен салыстырды. Депутат тиісті сауалды премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Әли Бектаев Наурызды тойлауды Жаңа жылды тойлаумен салыстырды. Депутат тиісті сауалды премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бектаевтың айтуынша, Жаңа жылды тойлау жылдан-жылға күрделеніп барады және ол отбасылық мерекеден "материалдық" шараға айналған.

"Жаңа жыл қарсаңында қалаларда қарбалас күшейіп, мерекеге дайындық жүреді, мұз айдындары салынады, отшашу атылады. Тұрғын үй кешендері арасында атылған пиротехника балаларды айтпағанда, тіпті ересектерді де қорқытады. Сауда орталықтарында бос орын қалмағанда, басқа не туралы айтуға болады: бәрі баласының тілегін орындап, қымбат сыйлықтар мен ойыншықтар іздейді. Ата-ананы әрине түсінуге болады. Бірақ жаңажылдық сыйлықтардың басым бөлігі шетелден келетінін жақсы білеміз, сол арқылы корпоративтік іс-шараларды, мектептерде өтетін әкімдер шыршсын, балабақшалардағы ертеңгіліктерді айтпағанда, шетелдік дәстүрді, тұрмыс-тіршілікті, діл мен дінді насихаттайды", - деді сенатор.

Депутат Қазақстанда Жаңа жылды тойлаудың ерекше әлеуметтік-идеологиялық дәстүрін қалыптастыру қажет екенін айтты.

"Қазақстан үшін Наурыз мейрамы дәстүрге айналуы керек. Халық Наурызды ұлы күн, жыл басы, күн мен түннің теңелетін күні дейді. Мифологиялық аңыз бойынша 21 наурыз түні Қыдыр ата дала кезеді. Әдетте, бұл күні адамдар жаман ниеттен тазарып, жаңарады. Бұл күні адамдар бір біріне көмектеседі. Олар бір біріне жылы лебізін білдіріп, реніштерін кешіріп, бата береді. Біздің ойымызша, бізге - қазақстандықтарға уақыт келді. Бұл құндылықтар халқымыздың рухани негізіне, ал Наурыз басты ұлттық идеологиямызға айналуы тиіс. Наурыз мейрамы жаңару мен жаңғыру символына айналуы тиіс", - деді Бектаев.

Сенатор елімізде Наурыз мейрамын тойлаудың жалпыұлттық тұжырымдамасын қабылдау қажет деп санайды.

"Тұжырымдама Наурыз мейрамының жыл басы, барлық істің бастауы екенін балабақшадан бастап әрбір азаматтың санасына құюға септігін тигізеді", - деп түсіндірді ол.

Бектаев Наурыз мейрамының мән-мағынасын, оның руханилығы мен құндылығын зерттейтін ғылыми орталықтың ашылуы туралы да айтып өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети