Уақыты белгісіз - министр Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыты белгісіз - министр Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою туралы Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заң күші қашан жойылатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заң күші қашан жойылатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін айтқанымдай, Конституциядан Тұңғыш Президенттің ерекше мәртебесі туралы жазылғандар алып тасталды, тиісінше қазір отандық заңнаманы Конституцияға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Мусин Үкіметте журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Министр заңнама Конституцияға сай болатынына сендірді.

"Тұңғыш Президент туралы заң, ол бойынша күшін жоюды мойындау туралы шешім қабылданады. Жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, әзірге уақыты белгісіз, бірақ заң шығару бастамасы тек Үкіметке емес, Президент пен Парламент депутаттарына да тиесілі. Сондықтан мұндай шешім депутаттардың бастамасы бойынша да қабылдануы мүмкін. Бірақ әзірге мұндай заң жобасы Әділет министрлігіне Парламенттен түскен жоқ. Қабылданғаннан кейін ол пысықталады", - деп түйіндеді Мусин.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заң күшін жою жыл соңына дейін жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети