Uber Алматыдағы тарифтердің өсуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Uber Алматыдағы тарифтердің өсуіне қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Uber баспасөз қызметіндегілер тарифтер бағасының жоғарылау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Uber баспасөз қызметіндегілер тарифтер бағасының жоғарылау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз 29 желтоқсаннан бастап Алматыдағы uberX тарифтерін қайта қарайтын боламыз. Бүгіннен бастап Uber таксиін шақыру 30 теңге, ал шақырым үшін тағы 30 теңге болса, минут үшін 12 теңге болады. Осылайша осы сомалар қосылып, жол жүру ең кем дегенде 200 теңге болады", - деп түсіндірді Uber баспасөз қызметіндегілер.

 

Сондай-ақ, Uber баспасөз қызметіндегілер бүгінде uberX тарифі бойынша көліктің орташа жету уақытының бес минуттан ұзаққа созылаймайтынын айтты. "Бізге Uber такси қызметінің Алматыда жақсы дамығаны маңызды. Платформада да жүргізушілердің көп болғаны жақсы. Себебі олар біраз адамды тасымалдап, тұрғындардың көлікті күту уақытын қысқартар еді", - деді компания өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Uber жолаушыны кем дегенде 80 теңгемен-ақ жеткізетін еді. Ол кезде тариф шақырым үшін 30 теңге, ал минутына бес теңге болатын.

Сондай-ақ, желтоқсан айында Яндекс.Такси қызметі де тариф бағасын жоғарылатқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети