Uber баспасөз қызметіндегілер тарифтер бағасының жоғарылау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Uber баспасөз қызметіндегілер тарифтер бағасының жоғарылау себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз 29 желтоқсаннан бастап Алматыдағы uberX тарифтерін қайта қарайтын боламыз. Бүгіннен бастап Uber таксиін шақыру 30 теңге, ал шақырым үшін тағы 30 теңге болса, минут үшін 12 теңге болады. Осылайша осы сомалар қосылып, жол жүру ең кем дегенде 200 теңге болады", - деп түсіндірді Uber баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, Uber баспасөз қызметіндегілер бүгінде uberX тарифі бойынша көліктің орташа жету уақытының бес минуттан ұзаққа созылаймайтынын айтты. "Бізге Uber такси қызметінің Алматыда жақсы дамығаны маңызды. Платформада да жүргізушілердің көп болғаны жақсы. Себебі олар біраз адамды тасымалдап, тұрғындардың көлікті күту уақытын қысқартар еді", - деді компания өкілдері.
Айта кетейік, осыған дейін Uber жолаушыны кем дегенде 80 теңгемен-ақ жеткізетін еді. Ол кезде тариф шақырым үшін 30 теңге, ал минутына бес теңге болатын.
Сондай-ақ, желтоқсан айында Яндекс.Такси қызметі де тариф бағасын жоғарылатқан болатын.