06 маусым 2014 | 20:40

ҰБТ-2014: Алматыдағы сыра зауыты мен Пушкин туралы сұрақты ұйымдастырушылар түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews иллюстрациясы ©Tengrinews иллюстрациясы

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев Астанадағы баспасөз мәслихатында ҰБТ-дағы түлектерді тұйыққа тіреген сұрақтарға байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев Астанадағы баспасөз мәслихатында ҰБТ-дағы түлектерді тұйыққа тіреген сұрақтарға байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҰБТ-да Алматыдағы сыра зауыты қашан ашылғаны туралы сұрақ берілгенін Айнұр есімді түлек айтқан. Бірақ мен тест тапсырмасындағы сұрақтың нұсқасын көрсете аламын, онда мұндай сауал қойылмаған. Дегенмен Қазақстан тарихы пәнінде Верный қаласының дамуы жөнінде, ондағы кәсіпорындардың ашылуы, соның нәтижесінде экономикасының көтерілгендігі туралы арнайы тақырыптар бар. Оның ішінде Верный қаласында ХІХ ғасырдың 2-жартысында ең бірінші ашылған кәсіпорын - Сыра зауыты туралы да бар. Сыра деген ұятты сөз емес қой. Бірақ бұл жолы мұндай сұрақтар қойылған жоқ. Қазір біз одан кешірім сұрауын талап етеміз, неге ол бұл туралы айтқанын анықтайтын боламыз", - деді Қ.Әбдиев.

Сондай-ақ журналист екінші тапсырма туралы сұрақ қойды. "Сұрақ орыс тілінде: Бір зат есімді көмектес септіктің "ом" жалғауымен таңдаңыз, нұсқалар: Пушкинге қарай бұрылу - () м; Есенинге таңдану - () м; Бунинді қызығып оқу - () м".

Бұл сұраққа Қ.Әбдиев былай деді: "Бұл ретте Пушкин елді мекен секілді суреттеліп тұр. Бұл орыс тілінің ережесі. Бұл туралы орыс тіліндегі 10-сыныптың оқулығында айтылған". Сонымен қатар ол 350 тест сұрағына байланысты шағым түскенін, оның 51 қанағаттандырылғанын хабарлады. 

Төрт күннің ішінде 76 948 жас түлек ҰБТ тапсырған, ережені бірнеше рет бұзғаны үшін 26 сынақ тапсырушы ҰБТ-дан шығарылған. Оқушылардан 37 773 рұқсат берілмеген заттар тәркіленген. Қазір орташа балл 76,8-ді құрады. 17 811 жас түлек шекті балл жинай алмаған. Айта кетейік, Қазақстанда ҰБТ 2 маусымда басталды, оған 92 мыңнан аса мектеп бітіруші қатысады деп күтілуде. Алғашқы екі күнде Алматының екі түлегі ең жоғары балл жинады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети