07 маусым 2014 | 17:56

ҰБТ-2014-тің бесінші күні ОҚО-ның екі түлегі ең жоғарғы балл жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Тұрар Қазанғапов © Сурет Тұрар Қазанғапов ©

 ҰБТ-2014-тің бесінші күнінде Оңтүстік Қазақстан облысының екі оқушысы 125 балл жинады, - хабарлайды Тengrinews.kz сайты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

 ҰБТ-2014-тің бесінші күнінде Оңтүстік Қазақстан облысының екі оқушысы 125 балл жинады, - хабарлайды Тengrinews.kz сайты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталмыш ведомстваның хабарлауынша ҰБТ-2014-тің бесінші күні 8274 түлек бақ сынаған, олардың екеуі, яғни ордабасылық Ұлпан Ержанова мен шымкенттік Шахзода Ахмеджанова ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, 125 балл жинаған. 3 түлек тәртіп бұзғандықтан аудиториядан қуылды. Сондай-ақ, түлектерден 3 762 мобильдік телефон, 3 827 шпаргалка, 231 калькулятор, 16 фотоаппарат, 5 рация, 13 4G, 1 WI-FI, 1 интернет-модемдері жинап алынды, - дейді министрлік өкілдері. 

"ҰБТ-2014-те 1 469 оқушы 100 баллдан жоғарғы көрсеткішке ие болған (17,8 пайыз). ҰБТ-ның орташа баллы 77,2 (2013 жылы 74,6 балл болып еді) болып белгіленді. Мақсатты 50 баллды 1 997 түлек (24,1 пайыз) жинай алмады. Өткен 2013 жылы 2603 түлек (28 пайыз) қажетті елу баллға жетпей қалған еді, - дейді ҰБТ-ның бесінші күнін қортындылаған ведомстваның сарапшылары.

Естеріңізге саламыз, ҰБТ-ның төртінші күні бірде-бір бітіруші ең жоғарға балл алмаған болатын. 2014 жылдың 5 маусымында тестілеуге 9346 түлек қатысты. Тестілеу 32 пункте өткізілді. 1 404 түлек (15 пайызы) 100 баллдан жоғарғы көрсеткішке жетті. Бұл күні орташа балл көрсеткіші 78,2-ге белгіленді.  1 888 бітіруші (20,2 пайызы) межеленген 50 баллды жинай алмады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети