Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ҰБТ-2015: 125 балл жинаған түлек дәрігер болуды армандайды

03 Маусым 2015, 11:35
1
Гүлнәз Ердосова. © Vk.com
Гүлнәз Ердосова. © Vk.com

Ұлттық Бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 125 балл жинаған Гүлназ Ердосова жетістігінің құпиясымен бөлісті. Ол Tengrinews.kz тілшісіне болашақта дәрігер болуды армандайтынын айтты.

Гүлназ Ердосова мектепті 11 жыл бойы "жақсы" оқып, "Алтын белгіге" үміткер болған. Ол 2 маусымда өткен тестілеуден 125 балды түгел жинап шықты.

"Бұл мұғалімдердің, ата-анам мен достарымның қолдауының нәтижесі", - деді ол.

Оның айтуынша, 11 жыл бойы жақсы оқыған адам ҰБТ кезінде қиналмайды.

"Біз мектепте кешке дейін дайындалып жүрдік. Сұрақтар қаншалықты қиын болса да, мен кітап оқығанның нәтижесінде барлығына жауап бердім. Барлығына сәттілік тілеймін, қобалжымау керек. Бесінші пән ретінде мен биологияны таңдадым. Медициналық университетке түскім келеді. Бірақ нақты қайсысына баратынымды шешкем жоқ, дәрігер болғым келеді. Мен емтиханда бірінші партада отырдым, шпаргалка қолданған жоқпын. Біз жоғары сыныптарда дайындыққа бар күшімізді салдық", - деді Гүлназ Ердосова.

"Кейбір сұрақтарға жауап беруде қиналдым, дегенмен есіме түсіріп, дұрыс жауапты белгіледім. Жауабын білген кезде қатты қуандым. Математикадан да 25 балды түгел жинадым", - деді ол.

Айта кетейік, тестілеудің алғашқы күнінде емихан 48 пунктте өткізілді. Өтініш берген 19 743 адамның 18 889-ы (95,5 пайызы) ҰБТ-ға қатысты. 27 түлек емтиханнан шығарылды.

"3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 5 рация, 12 роутер мен модем, яғни, тиым салынған 7 725 зат табылды. Орташа балл - 79,7. 3478 түлек (18,4 пайыз) 50 балдан төмен жинады, 3409 оқушы (18,1 пайыз) 100-ден асырды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ҰБТ-ға оқушылардың орнына кірген бөтен адамдар ұсталып, олардың нәтижелері жойылды", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай