Әлеуметтік желілерде ҰБТ аудиторияларының бірінде түсірілген видеоның скриншоты делінген фото пайда болды. Кадрдан оқушылардың емтихан кезінде ұялы телефон пайдаланып отырғанын көруге болады. Ұлттық Тестілеу орталығындағылар Tengrinews.kz тілшісіне видеоның тексеріліп жатырғанын айтты.

Әлеуметтік желіден алынған фото.
"Біз жарияланған мұндай фотоларды тексеріп жатырмыз. Егер видео расталып, түлектердің аты-жөнін анықтаған жағдайда біз ҚР Білім және ғылым министрлігінен оқушының тестілеу нәтижесін жоюды сұраймыз", - деді Ұлттық тесілеу орталығы өкілдері.
Сонымен қатар, Интернетте ҰБТ-2015 алғашқы күнінде түсірілген тесттердің фотосы пайда болды деген ақпарат та бар. Тестілеу орталығы өкілдері кейбір оқушылардың аты-жөндері анықталғанын айтты. Олардың шешімдері 3 маусымның соңына дейін анықталады.
Айта кетейік, тестілеудің алғашқы күнінде емихан 48 пунктте өткізілді. Өтініш берген 19 743 адамның 18 889-ы (95,5 пайызы) ҰБТ-ға қатысты. 27 түлек емтиханнан шығарылды.
"3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 5 рация, 12 роутер мен модем, яғни, тиым салынған 7 725 зат табылды. Орташа балл - 79,7. 3478 түлек (18,4 пайыз) 50 балдан төмен жинады, 3409 оқушы (18,1 пайыз) 100-ден асырды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ҰБТ-ға оқушылардың орнына кірген бөтен адамдар ұсталып, олардың нәтижелері жойылды", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер.
Сонымен қатар, тестілеудің алғашқы күнінде Тараздағы № 45 қазақ класикалық гимназиясының түлегі Гүлназ Жандосқызы Ердосова 125 балды түгел жинап шықты.