21 маусым 2019 | 09:17

ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Биылғы тестілеудің алғашқы күні түлектердің қулығы жаппай әшкере болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ҰБТ-ны биыл ел бойынша 117 мыңнан аса түлек тапсырады. Оның 13 мыңы күні кеше бақтарын сынап үлгерді. Талапкерлерге білім министрі Асхат Аймағамбетов те сәттілік тілеп, емтиханды қалай тапсыру керектігі жайында кеңес берген еді.

Телеарнаның мәліметінше, тест сұрақтарының 30 пайызы жаңартылып, қиындай түскен. Тест тапсыратын ғимаратқа кірген сәттен бастап, түлектер одан бетер мазасызданған. Өйткені әрқайсы тыңғылықты тексеруден өтіп, қулықтары әшкере болған. Бірінен шпаргалка, екіншісінен телефон табылған.

"Телефон бола ма, шпаргалка бола ма соны пайдаланып үлгеріп, соған қарап нәтижесі өзгеріп отырса, онда ол балаға тиісті шара қолданылады. Аудиториядан шығарылады. Өйткені әділдік болуы керек", - деді білім және ғылым министрі.

53 мыңнан аса гранттың көбі техникалық мамандықтарға бөлінгендіктен, министр түлектерге физика, химия секілді пәндерді таңдауға кеңес берді. Ал емтихан тапсыруға 3 сағат 50 минут берілген. Уақыт өткенше ата-аналардан да жаппай маза кеткен. Айта кетерлігі түлектердің үмітін үкілеп келген ата-аналарға биыл бөлек аудутория бөлінген. Сондықтан олар жылдағыдай далада күннің ыстығында тұрып емес, салқын жерде отырып, балаларының тест тапсырғанын экран арқылы онлайн көре алады.

Осылайша ҰБТ-ның алғашқы күні 13 мың түлек тестілеуден өтті. Жалпы 5 шілдеге дейін жалғасатын тестілеуде ел бойынша 117 мың мектеп бітіруші емтихан тапсырады. Ал ұпайына көңілі толмағандар апелляциялық шағым түсіріп немесе тамыз айында ақылы түрде тесті қайта тапсыра алады. Оның құны - 2, 242 теңге

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети