21 маусым 2020 | 10:38

ҰБТ-2020: Аймағамбетов талапкерлерге сәттілік тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: БҒМ баспасөз қызметі Фото: БҒМ баспасөз қызметі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыратын түлектерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыратын түлектерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында 161 пунктінде өтеді

ҰБТ-ның алғашқы күні тек 6 512 талапкер емтихан тапсырады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында орналасқан ҰБТ өткізу пунктінде болды. Ол талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі.

"Балалардың көңіл-күйі өте жақсы. Менің ойымша, атқарылған барлық шаралар - тестілеу тапсыру уақытын ұзарту, калькуляторларды пайдалануға рұқсат ету, мектептегі қорытынды емтихандардан босату және көптеген тегін байқау сынақтары айтарлықтай септігін тигізді. Аталған пунктіде ата-аналар барынша тәртіпті сақтап, балаларын тестілеу пунктіне әкелген соң бірден кетіп отырды", - деді министр.

Оның пікірінше, бұл өте маңызды болып саналады.

"Еліміз бойынша таңғы сағат 8-де барлық бала аудиторияларға кіргізілді. Өйткені балаларды көшеде ұстамай, ҰБТ-ны уақытында бастау маңызды. Аудиторияларда да балалар әдеттегіден әлдеқайда аз және балалардың қауіпсіздігі үшін тестілеу тапсырылатын лектердің жалпы саны 5-тен 15-ке дейін ұзартылды. Санитарлық талаптар да толығымен сақталып жатыр", - деді Асхат Аймағамбетов.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық тестіленушілер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті: 

  • дезинфекциялық тоннельден өту, 
  • арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру, 
  • дене қызуын өлшеу, 
  • қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу, 
  • медициналық маскалар беру. 

Сондай-ақ, тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тестіленушілер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы тиіс.

Аудиториялар тек 35 пайызға дейін толтырылған, әрқайсысында 10-18 адамнан отырады. Ал өткен жылы бір аудиторияда орташа есеппен 50 талапкерден болған.  

Айта кетейік, биыл еліміз бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82 пайызы биылғы оқу жылының түлектері. Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірген түлектердің саны 12 пайызға артқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети