15 мамыр 2015 | 13:38

ҰБТ бизнеске айналды - ҚР БҒМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте түлектерді шпаргалка мен заңсыз құралдарды ҰБТ кезінде пайдаланбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте түлектерді шпаргалка мен заңсыз құралдарды ҰБТ кезінде пайдаланбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шпор" сатып алушыларды неліктен ұстау керек? Яғни ҰБТ өткізу алдында олар қандай заңбұзушылық жасайды? ҰБТ бизнеске айналды. Балаларды дайындауға педагогтардың да, психологтардың да тартылып жатқанын, арнайы консалтинг және тағы басқа қызметтердің бар екенін сіздер білесіздер. Бұл сала бизнеске айналды", - деді Нүсіпов тілшілердің емтихан кезінде түрлі қулыққа барып жатқан саудагерлерге қандай шара қолданылуы мүмкін екендігі жайлы сұрағына жауап беру кезінде. 

Сонымен қатар, шенеунік шпаргалканы қолдануға тыйым салынғанын және мұның оқушыларына ақтап алуға келмейтін қауіп екенін айтты.

"Жалпы ҰБТ өткізу сәтіне келсек - сіздер айтып отырған "шпорлар" заңсыз және ҰБТ өткізу ережесін бұзады. Барлық оқушыға, ата-анаға, осы үдеріске қатысатын барлық адамға оларды қолдануға болмайтынын түсіндіргіміз келеді! Біз психологпен байланыстық, оның айтуынша, адам егер осыған үміт артса, бұл оның бағасына жағымсыз әсер етеді. Мұның жолы қатаң түрде кесіліп отырады. 2014 жылы ҰБТ пункттерінде 30 мыңға жуық заңсыз құрал тәркіленді, сонымен қатар 30 түлектің нәтижесі күшін жойды. Бұл балалар үшін аса қауіпті және өзін-өзі ақтамайды. Енді ғана ересек өмірге аяқ басқан оқушыларға "саған "шпорлар" көмектеседі" деп үйретудің қажеті жоқ. Қазір жастарымыз басқа. Сұрақтар ауыстырылады, жаттауға емес, логика мен білімнің жақсаруы үшін", - деді ол.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы суицид жағдайлары туралы сұраққа жауап беру кезінде Нүсіпов оларды ҰБТ-мен байланыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. "Қазақстанда оқушылар арасында суицид жағдайлары бар, мұндай жағдай барлық елде бар. Бұл қайғылы оқиғалар. Менің пікірімше, мұндай жағдайлар белгілі бір адам әсер алатын түрлі күйзеліс кезінде болады. Бірақ ҰБТ нәтижесінде суицид әрекеттерінің болғанын білмеймін. Дәл осы ҰБТ-дан болды (суицид) деген статистика жоқ", - деді Нүсіпов.

Биыл ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. Министрліктің мәліметінше, биыл 126 786 қазақстандық мектеп бітіреді. Сонымен қатар, ҰБТ-2015 базасының қанша пайызға жаңартылғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети