Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде балалардың құқықтарын бұзу әрекеттеріне жол берілмейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық білім беру басқармасының бастығы Эльмира Суханбердиеваға сілтеме жасап.
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде балалардың құқықтарын бұзу әрекеттеріне жол берілмейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық білім беру басқармасының бастығы Эльмира Суханбердиеваға сілтеме жасап.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Астанада ұлттық бірыңғай тестілеуге кірген мектеп түлектерін тексеру кезінде іш киімге дейін шешіндіру оқиғалары болған. Осыған байланысты бір топ ата-аналар шағым да түсірді. Сол кездегі білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ондай фактінің болғанын растады. Ал оған жауапты білім беру саласының мамандары тиісті жазасын алды. Алайда ішкі істер басқармасы өз қызметкерлері тарапынан ешқандай заң бұзушылықтарға жол берілмеді деп мәлімдеген болатын.
"Негізі, сол кезде тек бір-екі оқиға ғана болды ғой. Оның өзін асыра сілтеп жіберді. Қалай болса да, біз балалардың құқықтарын бұзуға жол бермейміз. Бізде арнай комитет бар. Тексеріс кезінде осы комитет мүшелері, ата-аналар кеңесінің өкілдері және біз, ұстаздар, бәрін көріп, бақылап отырамыз. Сондықтан бүгінде қалталарды қопару сияқты ішкі тексерістер жүргізіледі. Енді, балаларды білесіз ғой. Қазір ұялы телефондар мен "шпаргалкалар" тау-тау болып үйіліп жатыр. Оның барлығы тәркіленуде. Бұл жұмыспен кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі арнайы инспекция айналысады. Қыздарды келіншектер, ал ұлдарды ер адамдар тексеріп жатыр", - деді бүгін Э.Суханбердиева ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына арналған брифингте.