ҰБТ-дағы видеоларды тексеруден кейін 100-ден аса түлек гранттан айырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-дағы видеоларды тексеруден кейін 100-ден аса түлек гранттан айырылды Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

137 қазақстандық ҰБТ-дағы видеоларды тексергеннен кейін грантынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

137 қазақстандық ҰБТ-дағы видеоларды тексергеннен кейін грантынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде видеоларды қарау нәтижесі бойынша 153 тестілеушінің ҰБТ нәтижесі жойылды, оның ішінде 137-сі білім грантының иегерлері. Қазірдің өзінде тиісті шаралар қолданылып, олардың грант сертификаттары жарамсыз деп танылды", - деді Емелбаев.

Оның айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр, тиісті мемлекеттік органдарға әрі қарай жұмыс істеу үшін хаттар жолданып жатыр.

"Биыл 327 түлек тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды алып жүру әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзған 322 адам аудиториядан шығарылды", - деп бөлісті ҰТО директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети