Биыл қорытынды емтихандар мектептерде 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді, ал ҰБТ - 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында аттестациялау мен тестілеудің қалай өтетіні жайлы айтып берді.
Биыл қорытынды емтихандар мектептерде 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді, ал ҰБТ - 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында аттестациялау мен тестілеудің қалай өтетіні жайлы айтып берді.
9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусымы аралығында өтеді. 11-сыныптың түлектері 29 мамырда қазақ тілі мен әдебиетінен (орыс тілі мен әдебиеті, қай тілде білім алуына байланысты) жазбаша түрде, яғни эссе жазады. Орыс тілді мектептерде қазақ тілінен тестілеу және қазақ тілді мектептерде орыс тілінен тестілеу бір күнде - 2 маусымда өтеді. Алгебра мен анализ бастамасы пәнінен жазбаша емтихан 6 маусымға белгіленген. Ал Қазақстан тарихынан ауызша емтихан 9 маусымда өтеді.
"ҰБТ - ЖОО-ға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында қабылданады. Ал тестілеудің өзі 20 маусым-1 шілде аралығында өтеді", - деді министрліктегілер.
Шығармашылық мамандықтарға түскісі келетіндер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың ЖОО-ларына түскісі келетін абитуриенттер ҰБТ-ны өзі таңдаған оқу орнында тапсырады. Сонымен қатар, биыл тестілеуде қанша сұрақ болатыны белгілі болды: Қазақстан тарихынан - 20 сұрақ, математикалық сауаттылық - 20 сұрақ, оқу сауаттылығы - 20 сұрақ және әрбір профильді пәннен - 30 сұрақ. Максималды 140 ұпай жинауға болады. Себебі тестілеудегі 20 сұрақтың әрқайсысында екі дұрыс нұсқа болады.
Айта кетейік, ҰБТ тапсырудың 165 пунктінің 115-і мектептерде. Әрбір мектепте мұғалім техникалық хатшы ретінде өтініштерді қабылдап отырады. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде түлектердің 35 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берді.
Осыған дейін үкіметте ҰБТ-ның жаңа форматының басымдықтары жайлы айтылған болатын.
2017 жылы түлектер емтиханды қалай тапсырады?