ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады - Сағадиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады - Сағадиев © Тұрар Қазанғапов

Мектеп бітірушілері Ұлттық бірыңғай тестті енді толықтай ағылшын тілінде тапсыра алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тапсырғысы келгендер ағылшын тілін таңдай алады. Ешкімді мәжбүрлемейміз, әр адам тест тапсыру үшін өз тілін таңдайды", - деді министр Мәжілістегі үкімет сағатының үзілісінде. 

Министр тесттегі сұрақтардың барлығы қазақ немесе орыс тіліндегі нұсқаларындағымен сәйкес келетінін нақтылады. 

Еске салайық, биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарған. 2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгерген жоқ, алайда, тапсырушылар ыңғайы үшін аздаған өзгерістер енгізілді. ҰБТ үш міндетті және екі таңдаулы пәннен тұрады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети