Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 13 түлек аудиториядан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 13 түлек аудиториядан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тестілеу кезінде 5960-тан астам ұялы телефон, 1783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация тәркіленді. Бұған дейін 2 маусымда әлеуметтік желілерде 2014 жылғы ҰБТ тапсырмалары фотосуретінің пайда болғаны хабарланған еді.
Тестілеудің алғашқы күні Алматыдағы №178 лицейдің бір түлегі - Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы ең жоғарғы көрсеткіш - 125 балды жинады.
2 маусым күні ҰБТ-ға тіркелген 27 670 түлектің 26 134-ы қатысты. Сынақ 61 пункттің базасында жүргізілді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 3 797 мектеп бітіруші (14,5%) 100-ден жоғары балл жинады. 2013 жылы 100-ден жоғары балды 2 743 бала (11,4%) алған болатын. Биыл орташа балл 76,6 болды. Шектік деңгей - 50 балды 6 233 түлек (23,8%) иеленді. 2013 жылы 50-ден жоғары балды 6 368 түлек (26,4%) алған. "Тестілеуге қатысушылар сынақтың тыныш әрі жақсы ұйымдастырылған деңгейде өткенін айтты", - делінген хабарламада. ҰБТ 8 маусымға дейін созылады.