ҰБТ-ның қорытынды тестіне Димаш Құдайберген мен Головкин жайлы сұрақтар кірмей қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ-ның қорытынды тестіне Димаш Құдайберген мен Головкин жайлы сұрақтар кірмей қалды

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен спортшылар жайлы сұрақтар ҰБТ-ның қорытынды тестіне кірмейтін болды. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Танымал адамдарға қатысты сұрақтардың барлығы сынақ тестілеуінде болды. Сынақ тестілеудің сұрақтары ешқашан ҰБТ-ның сұрақтар базасына кірген емес. Бізде ол сұрақтарды сынақ тестілеуге енгізуге құқығымыз бар. Димаш Құдайберген және басқа да танымал адамдар жайлы сұрақтар құрастыратын боламыз, бірақ тағы да айтамын мұның барлығы сынақ тестілеуінің деңгейінде", - деді Рамазан Әлімқұлов.

Оның айтуынша, ҰБТ-дағы сұрақтардың базасында қазақ және орыс тілінде 40 мың сұрақ бар. Қазіргі уақытта емтихан материалдары құпия түрде басылып шығарылып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҰБТ-да Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин жайлы сұрақтар пайда болуы мүмкін екені айтылған болатын. "Қазір біз сұрақтар дайындап жатырмыз. Ол жақта Димаш Құдайберген мен Головкин де болады. Бұл "сыни оқу" деп аталады. Яғни мәтін оқисыз, мәтін дельфиндер ұлттық батырлар жайлы немесе тіпті жұрттың назарындағы адамдар болуы мүмкін. Осыдан кейін бала мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Студенттер жауап беретін мәтіндерде танымал адамдардың болуынан еш сөлекеттік көріп тұрғанымыз жоқ", - деген еді Ерлан Сағадиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети