Учаскелік инспектор притон есігін қаққандарға ескерту жасапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Учаскелік инспектор притон есігін қаққандарға ескерту жасапты Сурет КТК телеарнасынан алынған

"Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде жезөкшелер мекен еткен притон жарты жылдан бері көршілердің тынышын бұзып келеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz  КТК  телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде жезөкшелер мекен еткен притон жарты жылдан бері көршілердің тынышын бұзып келеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz  КТК  телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда аты шулы пәтер күндіз бос болады екен, ал түнгі 12-ден таң атқанға дейін айғай-шу, ұятсыз дыбыстар, қатты ойнаған музыка көршілердің тынығуына мұрша бермейтін көрінеді. "Дәлізде үнемі мүшеқаптар, шприцтер, бөтелкілер мен темекі қалдықтары шашылып жатады. Бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін көк түтін болып кетеді. Бұл біздің төзімімізді тауысты"-дейді притон орналасқан үйдің тұрғыны Елена Фоминых.

Бұл жағдайдан қажыған тұрғындар бірнеше рет полицияға шағымданған. "Учаскелік инспектор тынышымызды алған притонның есігін қаққанымыз үшін бізге ескерту жасап, тыныштық сақтауымызды сұрады" деп таңданады Людмила Белозерова. Бейәдеп әрекеттерін тоқтатуды сұраған көршілерге олар жұдырық ала жүгіреді екен. Тұрғындарды алаңдатып отырғаны бардель иесінің кәсібі жақсы жүріп жатқаны сонша, ол осы үйден тағы бірнеше пәтер сатып алып, қонақүй жасамақ көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін осындай шулы мәселе бейәдеп пәтер иелеріне айыппұл салумен аяқталған болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети