"Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде жезөкшелер мекен еткен притон жарты жылдан бері көршілердің тынышын бұзып келеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде жезөкшелер мекен еткен притон жарты жылдан бері көршілердің тынышын бұзып келеді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда аты шулы пәтер күндіз бос болады екен, ал түнгі 12-ден таң атқанға дейін айғай-шу, ұятсыз дыбыстар, қатты ойнаған музыка көршілердің тынығуына мұрша бермейтін көрінеді. "Дәлізде үнемі мүшеқаптар, шприцтер, бөтелкілер мен темекі қалдықтары шашылып жатады. Бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін көк түтін болып кетеді. Бұл біздің төзімімізді тауысты"-дейді притон орналасқан үйдің тұрғыны Елена Фоминых.
Бұл жағдайдан қажыған тұрғындар бірнеше рет полицияға шағымданған. "Учаскелік инспектор тынышымызды алған притонның есігін қаққанымыз үшін бізге ескерту жасап, тыныштық сақтауымызды сұрады" деп таңданады Людмила Белозерова. Бейәдеп әрекеттерін тоқтатуды сұраған көршілерге олар жұдырық ала жүгіреді екен. Тұрғындарды алаңдатып отырғаны бардель иесінің кәсібі жақсы жүріп жатқаны сонша, ол осы үйден тағы бірнеше пәтер сатып алып, қонақүй жасамақ көрінеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін осындай шулы мәселе бейәдеп пәтер иелеріне айыппұл салумен аяқталған болатын.