26 қыркүйек 2016 | 18:11

Сағынтаев пен Го Чок Тонг қаржылық қызмет көрсету және қадағалау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур Парламентінің мүшесі, құрметті аға министр Го Чок Тонгпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур Парламентінің мүшесі, құрметті аға министр Го Чок Тонгпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін жағдайлар тудыру қажеттігін атап өтті.

Келіссөздер барысында ұлттық әл-ауқат қорлары және даму институттары бойынша жоғары технологиялар саласында әріптестік орнатудың перспективалары нақтыланды. 

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев пен Го Чок Тонг қаржылық қызмет көрсетуді реттеу мен қадағалау бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім, ғылым саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, осыған дейін Бақытжан Сағынтаев бағаның ең көп өсуіне жол берілген өңірлердің әкімдерінен бақылауды күшейтуді талап еткен болатын. 

"Бірінші кезектегі қажетті өнімдердің және дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі айрықша бақылауда болуы тиіс және бағалардың ауытқуы болған жағдайда дер кезінде әрекет ету керек", - деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі.Сағынтаев сондай-ақ бағаға әсер етудің заңды тетіктері мен құралдары қазіргі таңда бар болғанмен, олар ылғи да жұмыс істемейтінін баса айтты. "Нәтижесінде қандай да бір өңірде азық-түліктің жекелеген түрлеріне үнемі бағаның күрт өсуі орын алады. Бұл жер-жерлердегі әкімдердің бақылауының әлсіздігін және бар тетіктерді толық пайдаланьайтындығын көрсетеді", - деп баса айтты Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети