Уханнан эвакуация: қазақстандықты украиналық ұшаққа отырғызбай қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уханнан эвакуация: қазақстандықты украиналық ұшаққа отырғызбай қойған Фото: Shutterstock

20 ақпанға қараған түні украиналық борт қытайлық Уханнан шетелдік азаматтарды эвакуациялады. Олардың қатарында екі қазақстандық болады деп жоспарланған. Алайда дене қызуы көтерілгендіктен біреуін ұшаққа отырғызбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

"Екі азаматшамызды елге әкелеміз деп жоспарлап едік. Дәрігерлер біреуінің дене қызуы 37,4 градус екенін анықтаған. Қытай билігі оның елден шығуына тыйым салған. Температура көтеріліп немесе инфекциялық жұқтырудың басқа да белгілері байқалса, солай жасалады. Қытай үшін бұл қалыпты процедура", - деді министрліктегілер.

Ал екінші қазақстандық эвакуацияланды. Қазір ол Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханада. Ол 14 күнге карантинге жатқызылды, сол жақта дәрігерлердің бақылауында болады. Жағдайы қалыпты, дене қызуы жоқ. Ол Уханда жергілікті оқу орындарының бірінде тәлім алып жатқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети