Ұялы байланыс операторлары ҚР бас прокурорының сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұялы байланыс операторлары ҚР бас прокурорының сынына жауап берді © РИА Новости

Ұялы байланыс операторлары ҚР бас прокуроры Жақып Асановтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұялы байланыс операторлары ҚР бас прокуроры Жақып Асановтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бас прокурор осыған дейін ұялы байланыс операторларына ұялы телефондардың ұрлануына байланысты ескерту жасаған болатын. Сондай-ақ, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов көптеген адамдардың телефондарының IMEI-кодтары бірдей екенін және операторларға осылай жұмыс істеу тиімдірек екенін айтып өткен еді.

"КаР-Тел" ЖШС корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор (Beeline) Алексей Бендзь Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында компанияның ұялы телефондардың ұрлануын алдын алу үшін құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге дайын екенін айтады.

"Біз бас прокурордың айтқанын естідік. Серіктестікке дайынбыз. Жақын арада ұялы байланыс операторларының жиналысы өтеді. Біз мәліметтің жеткіліксіз екенін көрдік, қажетті мәліметті беруге дайынбыз. Ұялы телефондар ұрлығын алдын алу үшін IMEI-кодтардың базасы жасалып жатыр. Белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз. Бас прокурор сол кезде осы мәселенің қашан шешілетінін сұраған болатын. Бұл жерде жұмыстың барлығын операторларға қалдыру дұрыс емес. Ұялы байланыс операторлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері бірге жұмыс істейтін ведомствоаралық үлкен топ керек", - деді Алексей Бендзь.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети