Ұялы байланыс тарифтері арзандайды - Жұмағалиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұялы байланыс тарифтері арзандайды - Жұмағалиев @Tengrinews.kz

Инвестициялар және даму министрлігі ұялы байланыс тарифтерін тағы да арзандату үшін жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестициялар және даму министрлігі ұялы байланыс тарифтерін тағы да арзандату үшін жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2014 жылғы Бүкіләлемдік экономикалық форумының сараптамасының нәтижесі бойынша біздің ел ұялы байланыс тарифі бойынша 17-орында тұр. Бұл қалған 130 елдің ішінде біздің тарифтердің әлдеқайда төмен әрі арзан екенін көрсетеді. Әрине, біз бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастыратын боламыз", - деді вице-министр Асқар Жұмағалиев Парламент Мәжілісінің кезекті отырысында депутаттардың ұялы байланыс пен Интернет бағасын төмендету үшін қолданылатын шаралар жөніндегі сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, төменгі палата отырысына Инвестициялар және даму министрлігі қызметкерлері ақпараттандыру мәселесі бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу керектігін ұсынды. Дәлірек айтсақ, бұл заң жобасы Қазақстанда "мобильді құлдықты" жоюға септігін тигізеді.

"Заң жобасы қабылданғаннан кейін біз операторлар арасында бәсекелестікті арттыратын боламыз және де осыған орай байланыс тарифтері де арзандайды", - деді вице-министр.

Айта кетейік, "Мобильді құлдық" заң жобасын Парламент Мәжілісі депутаттары бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети