Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар қаржыны қайдан алғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар қаржыны қайдан алғанын айтты

Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар қаржыны қайдан алғанын айтты. Онымен қоса 23 миллион теңгенің әшекейлері де сұғанақтардың қолында кеткен екен. Бұның барлығы маңдай тер, табан етіммен тапқан ақша деп отыр Орталық Қазақстан академиясының басшысы. Бұл туралы ол КТК телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Тілшілермен арнайы кездескен Бақтыбай Жүнісов үйінен ұрланды делінген фаберже жұмыртқасы туралы да айтып берді. Яғни, қызу талқыланған жұмыртқа фаберженікі емес, сол бренд бейнеленген монета екен.

Айта кетейік, ректордың үйіне түскен 3 ұры өткен айда 10 жылға дейін сотталған болатын. Сұғанақтар 1 миллион 160 мыңды долларлай және талай алтын әшекейді қолды қылған. Бірақ, бұған қынжылып отырған ректор жоқ. Жеке университеті бар Бақтыбай Жүнісов, қазір бірнеше жоғарғы оқу орныменн қатар қонақүйлерді де басқарып отыр.

"Қонақүйлерім, кафелерім бар, оның бәрін елге жайып айта бермеймін ғой. Өзімнің тірлігім ғой. Мен ауылдың баласымын. Маған көктен ештеңе түсіп жатқан жоқ. 2 жылда ғана 30 миллион салық төлеппін, ал менің шаруашылықтарым, жаңа санасам 100 милионнан аса салық төлепті", - деді Орталық Қазақстан академиясының ректоры Бақтыбай Жүнісов. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети