Үйір жылқыларына GPS-навигатор жүйесін енгізу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйір жылқыларына GPS-навигатор жүйесін енгізу ұсынылды ©РИА Новости

Солтүстік Қазақстанның полицейлері ірі шаруа қожалықтарына өздерінің иелігіндегі жылқыларға GPS-навигатор жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанның полицейлері ірі шаруа қожалықтарына өздерінің иелігіндегі жылқыларға GPS-навигатор жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД сілтеме жасап.

Полицейлердің пікірінше, бұл ұсыныс өңірдегі мал ұрлығының азаюына ықпал етпек. "Электронды мәліметтер базасын құру бұл мал ұрлығын болдырмаудың тек бастамасы ғана. Ал негізгі проблема жылқы малының үнемі жайылымда болатындығында болып отыр. Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 49 оқиға тіркелді", - деді СҚО ІІД криминальды полиция басқармасының басшысы Әсет Жүкенов.

Қазіргі уақытта қожалық иелерімен малдарының қай аумақта жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін электронды жүйені қостыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жануарлар жоғалған жағдайда фотосуреттер мен өзіне ғана тән ерекшелігі олардың жылдам табылуына ықпал ететін болады.

Tengrinews
GPS
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети