Үкімет басшысы Президент тапсырмалары бойынша шұғыл отырыс өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысы Президент тапсырмалары бойынша шұғыл отырыс өткізді Үкімет үйі. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент айтқан міндеттерді іске асыруға арналған шұғыл отырыс өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент айтқан міндеттерді іске асыруға арналған шұғыл отырыс өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр шұғыл отырыс барысында кабинет мүшелеріне Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. "Мемлекет басшысы бізден берілген барлық тапсырманың нақты орындалуын күтеді. Қазіргі уақытта біз білек сыбана отырып жұмысты жалғастыруымыз қажет", - деді Мәсімов министрлер кабинеті мүшелеріне. 

Еске салайық, бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда министрлер елдегі қазіргі экономикалық ахуал жөнінде баяндама жасады. Мемлекет басшысы жұмыс орындарын сақтауды, ұлттық валютаны қолдауды, шекаралас өңірлерге басқа нарық іздеуді, 2015 жылдың республикалық бюджетін қысқартуды, халықтың ақшасын ысырап етпеуді, отандық өнімді тұтынуды тапсырды және басқа да міндеттерді алға қойды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети