Үкімет басшысы SoftBank Investment Advisers төрағасымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысы SoftBank Investment Advisers төрағасымен кездесті © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин SoftBank Investment Advisers төрағасы Раджив Мисрамен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин SoftBank Investment Advisers төрағасы Раджив Мисрамен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында шетелдік инвестициялар мен заманауи инновациялық технологияларды тарту мәселелері талқыланды. Инвестициялық холдинг ел экономикасына инвестиция салудың артықшылықтарымен танысып, бірлескен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

SoftBank Investment Advisers венчурлік қаржыландыруға мамандандырылған және әлемдегі ең ірі инвестициялық қорлардың бірі, нарықтық капитализациясы $100 млрд құрайтын SoftBank Group бөлігі. Қор Alibaba, Yahoo, Uber секілді жаһандық технологиялық көшбасшылардың акцияларының иесі.

SoftBank 2000 жылғы Forbes Global тізіміне кіреді және әлемде капиталдандыру бойынша 36-орында, Жапонияда Toyota-дан кейін капиталдандыру бойынша 2-орында (2019 жылғы 1 тоқсан).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети