Үкімет жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлердің инфрақұрылымына қаржы бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлердің инфрақұрылымына қаржы бөледі © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан үкіметі жеке тұрғын үй құрылысына арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаражат бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан үкіметі жеке тұрғын үй құрылысына арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаражат бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылдың екінші жартыжылдығында экономикалық өсім үшін қосымша 240 миллиард теңге бөлінетін болады. Бөлінген қаражат шағын және орта бизнес пен несиелеуге жұмсалады. Шағын және орта бизнестің төлемі сегіз пайыздан аспайды, бұл "Бизнестің жол картасы" бағдарламасын қаражаттандырумен бірге саналып отыр. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысына арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін инфрақұрылымға да қаражат бөлінеді. Сіздер бұл мәселенің бүгінгі таңда өзекті екенін білесіздер. Сондықтан Президенттің берген тапсырмасы бойынша жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін, яғни біздің азаматтарға кейін де өздеріне жеке тұрғын үй салуға мүмкіндік беру үшін қаражат бөлінеді", - деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында көлемі 64 миллиард теңгеден асатын несие берілген екен.

"Бағдарлама аясында бес ай ішінде 640 жоба қаржыландырып, көлемі 64,8 миллиард теңгеден асатын несиеге 272 кепілдік берілді", - деді Бишімбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети