ҰҚК 14 өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК 14 өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және 12 облыста лаңкестік қауіп деңгейі төмендегенін және террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және 12 облыста лаңкестік қауіп деңгейі төмендегенін және террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталған.

"Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары аумағында терроризмге қарсы операция аяқталғанын және террористік қауіптің шекті қызыл деңгейі жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Тиісінше осы өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптің шекті қызыл деңгейі сақталады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 12 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдайды алып тастау туралы жарлықтарға қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети