ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде басқа мемлекеттің азаматтығын алған 90-нан астам Қазақстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың басынан ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 дерегін анықтады.
"Ұсталғандар ісі қарау үшін полиция органдарына берілді", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, 2024 жылы Мемлекеттік шекарада 1190 қос азаматтық дерегі анықталған. Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды.
"ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады. Бұдан өзге, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болып табылады".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!