ҰҚК Астана тұрғындарына ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Астана тұрғындарына ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астаналықтарға терроризмге қарсы жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтарға терроризмге қарсы жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 18-19 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мақсаттағы "А" қызметімен Астана қаласының өндірістік аймағында "Күз-2023" тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Кепілге алынған кісілерді босату мен террористерді жою бойынша кешенді жаттығу әрекеттерін орындау жоспарланған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу шеңберінде өзге аумақтардын терроризмге қарсы операциясының шартты ауданына ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жөнелту бойынша шаралар қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети