ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады Фото:gov.kz

ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының экс-кеңесшісі Айдос Есполов Астанада ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Бұл дерек бойынша ҰҚК соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жазылған ҰҚК-ның Tengrinews.kz-ке жауабында.

Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, Айдос Есполов - қазақстандық кәсіпкер және бұрынғы шенеунік. Еуразия технология университетінің құрылтайшысы болды. Бұрын түрлі басшылық лауазым атқарған.

Бірқатар БАҚ мәліметінше, Айдос Есполов - Әсел Исабаеваның ағасы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев оны екінші әйелі ретінде атаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети