ҰҚК бас дәрігер мен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысын ұстады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК бас дәрігер мен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысын ұстады Көрнекі сурет

Қостанай облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігері және коммерциялық кәсіпорынның директоры ұсталды. Бұл туралы 27 тамыз, сәрсенбіде өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктілер 25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қылмыстық-құқықтық саясат жөніндегі қызметі мен Қостанай облысы прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобы жүргізген жедел іс-шаралар мен прокурорлық тексерудің нәтижесінде ұсталды.

26 тамызда мамандандырылған тергеу соты аталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеудің мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети