ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Қауіпсіздік кеңесінің жиынында Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚКД ғимаратына шабуылдаған адам жайлы мәліметті Мемлекет басшысына баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Қауіпсіздік кеңесінің жиынында Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚКД ғимаратына шабуылдаған адам жайлы мәліметті Мемлекет басшысына баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Күлікбаев Руслан Алпысбайұлы 1990 жылы 11 маусымда дүниеге келген, Қызылорда облысының тумасы, бұған дейін Байқоңыр қаласында тұрып келген. Үйленген. Қазіргі уақытта Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылында тұрды, ұялы телефондар сатумен айналысқан. 2010 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты оны ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігі бойынша (зорлық көрсете отырып тонау) соттаған. 2012 жылдың 8 мамырында Қызылорда облыстық соты оны 251-бап (қаруды заңсыз сатып алу және сақтау) бабы бойынша екі жыл 11 айға бас бостандығынан айырған", - деп хабарлады Жұмақанов.
"Абақтыда, колонияда ол салафиттермен бірікті, қазір мәселені қарап жатырмыз", - деді ҰҚК басшысы.
Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.