ҰҚК "Борат24" интернет-дүкенін ашқан қылмыстық топты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК "Борат24" интернет-дүкенін ашқан қылмыстық топты ұстады Видеодан алынған кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың сәуір-қазан айлары кезеңінде ҚР ҰҚК шетелден ҚР-ға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және "Борат24" интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді.

"Трансұлттық есірткі құрылымындағы 34 қатысушы ұсталып, 8 есірткі зертханасы жойылды. Еліміздің ірі мегаполистері – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентке контрабандалық жолмен жеткізілген 40 келі психотроптық зат алынды. Алынған есірткінің қара нарықтағы бөлшек құнының болжам бағасы - 600 миллион теңге.

Одан басқа, "биткоиндар" сатып алу және оларды шетелге шығару бойынша қаржы операцияларын жүзеге асыру жолымен есірткі сатудан алынған ақшалай қаражатты заңдастыруды ұйымдастырған заңсыз криптайырбастауыштар әрекетінің жолы кесілді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК (@knbgovkz)

Бұл ретте алынған ақшаны заңдастыру үшін көмекшілер жасаған 6 жылжымалы майнинг фермасы анықталды. Есірткі сатумен айналысқан құрылымының көмекшілері 2 жылда (2018 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы желтоқсан аралығында) 2,5 миллиард теңгеден аса соманы заңдастырған.

Бұл деректер Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 4-тармағы, 264-бабының 2-тармағы, 286-бабының 4-тармағы және 218-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети