17 наурыз 2017 | 18:25

ҰҚК "Джунд аль-Халифат" ұйымының қазақстандық мүшесін іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК "Джунд аль-Халифат" террористік ұйымының қазақстандық мүшесін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК "Джунд аль-Халифат" террористік ұйымының қазақстандық мүшесін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі кезде "Джунд аль-Халифат" тобының тағы бір мүшесі, ҚР азаматы "Х"-ті іздестіру жалғасып жатыр, ҰҚК-нің мәліметі бойынша, аталған тұлға Сирияда жасырынып, террористік іс-әрекеттерге қатысып жүр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҰҚК өкілдері тағы бір қазақстандықтың экстрацидиясы жайлы толығырақ айтып берді. "2017 жылғы 15 наурызда ҰҚК қызметкерлері Ауғаныстаннан 2011 жылдан бері лаңкестік актілерге дайындалған және террористік актілеріне қатысы бар күдікті ретінде халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Дамир Зналиевтің елге жеткізілген. "Зналиевтің Ауғаныстандағы Сари-Пуль елді мекенінде биыл 21 қаңтарда қамалуы және оның Қазақстанға қайтарылуы ҰҚК-нің Ауғаныстанның Ұлттық Қауіпсіздік Бас Басқармасымен бірлесе жүзеге асырылған оны іздестіру бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Зналиевтің тергеу изоляторына отырғызылып, тиісті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатқаны айтылады.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, Зналиев радикал діни көзқарастардың ықпалымен 2011 жылы ауған-пәкістан шекаралас аймақтарына шыққан. "Сол кезден "Джунд аль-Халифат" террористікұйымының қалыптасуына белсенді қатысқан. Аталған террористік топ бірқатар мемлекеттерде орын алған лаңкестік актілеріне жауапты, оның ішінде 2011 жылғы қазанда Атырау қаласындағы жанкештілер жасаған 2 жарылысқа да қатысты. Зналиев -аталған акцияларды бастаушылардың бірі. Зналиевке қылмыстарына қатысты тағылған айыптар бойынша кінәсі соттың қорытынды шешімімен анықталады", - дейді ҰҚК өкілдері.  

Жалпы, қазіргі таңда "Джунд аль-Халифат" лаңкестік тобы толық бейтараптандырылған. Оның басшысы Бельгия Мемлекетінің азаматы Моэз Гарсаллауи 2012 жылы Пәкістан аумағында пилотсыз ұшақ аппаратынан жасалған әуе соққысымен жойылған. Кейінен 2013 жылғы ақпанда террористік топтың өзге белсенді мүшесі ҚР азаматы Орынбасар Мунатов Пәкістанда құрықталған. Ол Қазақстанға қайтарылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети