ҰҚК екі прокурорды ұстады: Бас прокуратура пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК екі прокурорды ұстады: Бас прокуратура пікір білдірді Фото:gov.kz

Бас прокуратура Қызылорда облысында екі прокуратура қызметкерінің ұсталуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Қызылорда облысында екі прокуратура қызметкерінің ұсталуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде Қызылорда облысында екі прокуратура қызметкерін ҰҚК ұстағаны туралы ақпарат тараған болатын. Ұсталғандардың бірі Қызылорда облыстық прокуратурасының қызметкері – есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінген. Ал екіншісі, Ұлытау облысының прокуроры көрінеді, қылмыстық істі шешуге жәрдемдескені үшін бір миллион теңге пара алған деген күдікке ілінге.

Бас прокуратура пікірі

Бас прокуратура редакция сауалына жауап ретінде Қызылорда облысында есірткі сатқан деген күдікпен ұсталған адамның оқиға кезінде құқық қорғау органдарының қызметкері болмағанын хабарлады.

"Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД мен Бас прокуратураның ӨҚД бірлесіп жүргізген жедел шаралары нәтижесінде Ұлытау облысында ҚР ҚК-ның 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети