19 маусым 2020 10:06

ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нартай Дүтбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім 18 маусымда күшіне енген.

"Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша енгізілген түзетулерді ескере отырып, биыл 11 қаңтарда Қылмыстық кодекске де түзетулер енгізілді. Соған сәйкес, жазасын орташа режимдегі колонияда өтеп жатқан адамдар қамауда болған уақытын түрмеде өткізгендей есептеуге құқылы. Адам тергеуде болғанда, қамауда болған бір күні түрмеде өткізген бір жарым күнмен тең деп есептеледі. Осыны ескере отырып, сәуірде Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдана отырып, ол өтініш берді", - деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен жұмыс бойынша координатор Елдос Жұмақсанов.

Оның айтуынша, Жарма ауданының соты 6-бапты қолданып, ҰҚК экс-басшысының мерзімін өзгерткен. 

"Іс жүзінде ол жазасының жартысынан көбін өтеген. Сондықтан ол жазасының жартысынан көбін өтегендіктен мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы екінші рет өтініш берді. Сот осы қайта есептеуді, сондай-ақ, оның 64 жасқа толғанын ескеріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатты. Ол кеше күшіне енді, Дүтбаев кеше босатылды", - деді Елдос Жұмақсанов.

Еске салайық, Нартай Дүтбаев 2017 жылдың қыркүйегінде сотталған болатын. ҰҚК-нің бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияны жария еткені, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. Ол жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылған, сондай-ақ, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған.

Кейін Нартай Дүтбаевқа жаңа іс бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Осыған байланысты, 2018 жылдың ақпанында оның жазасы 12 жылға ұзартылған. ҰҚК-нің бұрынғы басшысы билігін асыра пайдаланып, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп немесе ысырап еткені үшін, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылған.

2019 жылы 22 қаңтарда Қазақстан Жоғары сотының кассациялық инстанциясында өткен отырыста Нартай Дүтбаевтың бас бостандығынан айыру мерзімі 12 жылдан 11 жылға дейін қысқартылған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети