ҰҚК Еуропа елдерімен бірлесіп операция жүргізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр "Солтүстік бағдар" деп аталатын халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша операцияны іске асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр "Солтүстік бағдар" деп аталатын халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойынша операцияны іске асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел жете тексеру барысында Ауғанстаннан Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне есірткі контрабандасының қолданыстағы арнасы анықталған. Комитет шетелдік серіктестермен және Германияның құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықаралық есірткі синдикаттарының бірінің дамыған желісін анықтады.

"Жете тексерудің соңғы кезеңі Германияда 60 келі апиын мен 12 келі метамфетаминді тасымалдау кезінде екі шетелдікті ұстау болды. Германияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Биыл ақпанда басқа жете тексеру шеңберінде трансұлттық есірткі құрылымына қатысушылардың ауған есірткілері контрабандасының кезекті халықаралық арнасын ұйымдастыру ниеттері әшкереленді. Есірткі тізбегінің барлық буындарын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үйлестіруімен еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасының негізгі ұйымдастырушысы – Испания азаматы ұсталған, одан Қазақстан арқылы Ауғанстаннан Еуропаға жеткізілген 10 келі метамфетамин алынған.

"Еуропада алынған есірткінің нарықтық құны 2.5 миллион АҚШ долларынан артыққа бағаланып отыр. Есірткі трафигінің халықаралық арналарын бейтараптандыру жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro