ҰҚК жүргізушілерге Өзбекстан шекарасындағы жағдайды ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК жүргізушілерге Өзбекстан шекарасындағы жағдайды ескертті Фото:gov.kz

ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, "Жібек жолы" өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы "Гишт Куприк" БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуіне байланысты.

"Сондай-ақ, қазақстандық "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал "Қапланбек" бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық. Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети