ҰҚК қай қалаларда террористер басып алған нысандар босатылғанын хабарлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Республикалық жедел штаб терроризммен күрес жөніндегі жұмысына қатысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Республикалық жедел штаб терроризммен күрес жөніндегі жұмысына қатысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет өкілдері 2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанғанын және бақылауға алынғанын мәлімдеді.

"Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды. Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысандар босатылды. Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, комитеттегілердің мәліметінше, содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттің іздерін айқындау және жинақтау жүзеге асырылып жатыр.

"Барлық тұрғынды құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз", - деді комитет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro