ҰҚК: Қазақстанда қос азаматтығы бар 200-ден астам адам анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК: Қазақстанда қос азаматтығы бар 200-ден астам адам анықталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қос азаматтығы бар 200-ден астам адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қос азаматтығы бар 200-ден астам адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресми деректерге сәйкес, 2023 жылдың басынан бері шетелдіктердің (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) және Қазақстан Республикасы азаматтарының жалған құжаттарды пайдалануының 150 дерегі және қос азаматтығы бар 233 адам анықталды", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеден асатын валютаны заңсыз өткізудің 300-ден астам жағдайына жол берілмеді.

"Қару мен оқ-дәрілерді тасымалдауға әрекеттенген 153 әрекеттің жолы кесілді. Осы құқықбұзушылықтарға күдіктілер әрі қарай тергеп-тексеру үшін Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды. Қазақстан Республикасының көші - қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ведомство шекарадан өту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажеттігін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети