ҰҚК: Қазақстанда террорлық шабуылдың алды алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда жыл басынан бері бір лаңкестік әрекеттің алды алынғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда жыл басынан бері бір лаңкестік әрекеттің алды алынғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 маусымда ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті. Онда шетелдік радикалдардың ену қаупін жою, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ осал нысандарды терроризмге қарсы қорғау мәселелері қаралған.

Отырыста елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланғаны айтылды.

"Сонымен қатар, ҰҚК биылдан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді. Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді", - делінген хабарламада.

ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал нысандардың, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer