ҰҚК құны 600 миллион теңге болатын темекі партиясын тәркіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК құны 600 миллион теңге болатын темекі партиясын тәркіледі Фото: ҰҚК

Жамбыл облысында шекарадан темекінің ірі партиясын өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында шекарадан темекінің ірі партиясын өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекарада ҰҚК Шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 темекі қорабын тапты (акциздік маркаларсыз).

"Темекі бұйымдарын құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтуге әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша алынған тауардың құны 600 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Жүкпен ұсталған вагон ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети