30 қараша 2023 16:33

ҰҚК Қырғызстанның арнайы қызметімен жүргізілген операция туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорытындысы бойынша есірткі қылмыстарына қатысы бар деп күдіктелген топтардың 27 қатысушылары ұсталған.

"Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 келі мефедронның контрабанда арнасы бейтараптандырылды.

Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сатуға мамандандырылған 1 топтың қызметі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында "дизайнерлік" деп аталатын есірткіні жеткізудің өңірлік арнасы жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылған.

"Жалпы заңсыз айналымнан 150 келіден аа есірткі және "синтетика" өндіруге арналған 150 келі химиялық прекурсорлар тәркіленді".

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети